24.08.2020, 17:47
Қараулар: 95
Жағалаулар жаңғырып қалды

Жағалаулар жаңғырып қалды

Сенбіліктің халықты тазалыққа шақырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруда маңызы зор.

Осыған орай бүгін ауданымызда жалпыаудандық сенбілік өтті. «Таза жағалау» науқаны аясында ауданымыздағы өзен-көл жағалауларынан, ауылдық округтерден қоқыс жиналды. Жіңішке, Ащы, Жаңакүш су бөгеті, Елек, Қонақай бойлары жиналып, тазалық жұмыстары жүргізілді.

Тазалық акциясына 200-ге жуық мекеме-ұйым қызметкерлері қатысып, жұмылдырылған 3 техниканың көмегімен 8 тонна қоқыс қалдықтары шығарылды.

Бұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

                                                                         Айбарша ЛЕКЕРОВА