19.10.2020, 17:24
Қараулар: 89
Жауапты мамандық иелері

Жауапты мамандық иелері

Жер шары-бұл адамзатқа ауық-ауық табиғи және техногендік апаттар түріндегі жағымсыз тосын сыйлар жіберіп тұратын тірі организм. Соңғы жылдардағы зерттеулерге сүйенсек, төтенше жағдайлардың динамикасы көңіл көншітпейді. Қазақстан жер көлемі жағынан әлем бойынша 9 орын алады, табиғат елімізге 2,7 млн шаршы шақырымнан астам аумаққа созылатын әдемі және әр алуан ландшафты берген. Бұған қоса табиғи және диологиялық жағдайдың әр түрлі болуына байланысты еліміздің аумағы адамзатқа белгілі көптеген апаттарға жиі ұшырап отырады. Олардың қатарында жер сілкінісі, су тасқыны, сел жүру, қар және лай көшкіні, орман және дала өрттері бар. Мұндай елде табиғи және техногендік сипаттағы барлық қауіп-қатермен күресе алатын қуатты мекеменің болуы өте орынды.  Осы табиғаттағы сан түрлі өзгерістермен айналысатын Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылғанына биылғы жылғы 19 қазан күні 25 жыл толады. Бүгінде оның құрамына өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметтері, апаттар, медицина орталығы, селден қорғау Көкшетау техникалық институты, құтқару авияциясы және де басқа да құрылымдар кіреді.

Бұл бөлімнің ширек ғасырлық тарихында мыңдаған төтенше жағдайлар жойылып, мыңдаған адамның өмірі сақталып қалынды. Құтқарушы мамандығы әлемдегі ең қауіпті мамандықтың бірі болып саналады. Алайда құтқарушы әуелі өзінің өмірі емес, өзгенің өмірі үшін тәуекелге бел буады. Күнделікті өмірде жұмыстан тыс уақытта оларда ел қатарлы қарапайым тіршілік етеді, өмірдің әрбір сәтіне қуана біледі. Ал өз қызметіне кіріскен сәттен бастап құтқарушылар өзгелерден ерекшеленіп тұрады. Олардың басқалардан айырмашылығы батылдықпен ерліктің үлгісін көрсете отырып, оқыс оқиғаның салдарын жоюға жұмыла отырып кіріседі. Біздің қызметіміздің басты мақсаты-төтенше жағдайлардың алдын алу және оның зардаптарын жою. 1995-2020 жылдар аралығында бөлім қызметкерлері 1 млн 353 мыңнан астам оқыс оқиғаларға шығып, 374 мың адамды құтқарды. Ал 334 мыңнан астам адам эвакуацияланып, 55 мың адамға медициналық көмек көрсетілді.

Біздің мамандығымызға қызығушылық танытып жүрген жастардың Көкшетау техникалық институтына түсуге мүмкіндігі бар. Бұл оқу орнында өрт қауіпсіздігі Төтенше жағдайларда қорғау азаматтық қорғаныстың командалық-тактикалық күштері және авариялық-құтқару істерінің бағдарламалары бойынша бакалаврларды дайындайды.

                                                                                             Бахтияр КАТЧЕКОВ,

Шыңғырлау ауданы төтенше жағдайлар бөлімі  бастығының міндетін атқарушы