28.08.2020, 18:28
Қараулар: 39
Еңбек үздіктері марапатталды

Еңбек үздіктері марапатталды

30 тамыз-Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл толу мерейлі мерекесіне орай Шыңғырлау ауданының әкімі ,”Nur Otan”партиясы аудандық филиалының төрағасы Әлия Мұханбетжанова әр түрлі салада қызмет істеп жүрген бірқатар азаматтар мен азаматшаларға «Қазақстан Конститутциясының 25 жыл» мерекелік медалін және төсбелгісін, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша Депратментінің басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасының, облыстық және аудан әкімдерінің Алғыс хаттарын табыс етті.

Аудан басшысы барлық еңбек иелеріне жұмыстарына табыс, ашық аспан, отбасыларына амандық тіледі.

                                                                                            Гүлназ Мұхан