30.11.2020, 18:38
Қараулар: 73
Денсаулық сақтау қызметкерлері марапатталды

Денсаулық сақтау қызметкерлері марапатталды

Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында аудандық «Nur Otan» партиясының ғимаратында аудан әкімі бір топ медицина саласының қызметкерлерін қабылдады. Аудан басшысы Әлия Мұханбетжанова адам денсаулығын сақтау және қорғау жолында адалдықпен жұмыс істеп келе жатқан, ұлт саулығын өз алдарындағы басты мақсат санайтын денсаулық сақтау қызметкерлерінің еңбегіне үлкен баға берді. Елімізге келген індет кезінде де дәрігерлер алдыңғы шептен табылып, тұрғындардың дертті жеңуіне көмек берді. Сала қызметкерлері алда да өздерінің кәсіби біліктілігін көрсетіп, Гиппократ антына адалдықтарын әрдайым дәлелдейтініне сенімдімін деген Әлия Биғазықызы оларға алғыс хаттар  табыс етті. Марапатталғандар қатарында аудандық ауруханада көп жылдар қызмет етіп келе жатқан Акима Уразалина, Гүлнар Оразбаева, Сауле Усманғалиева, Айнагүл Нұрманова, Гүлсім Елеуова, Татьяна Набокина және Динара Тауова бар.

Сондай-ақ, «Nur Otan»  партиясының  Шыңғырлау  аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Ә.Мұханбетжанова партия қатарына қосылған жаңа нұротандықтарды құттықтап, партия билеттерін табыс етті.

Гүлім Шынтас,

Шыңғырлау ауданы