27.11.2019, 18:47
Қараулар: 465
Газетке түгелдей жазылған ұжым

Газетке түгелдей жазылған ұжым

Баршамызға белгілі,  жер-жерде   баспасөзге жазылу науқаны өтуде. Осы істе белсенділер  немесе жауапты науқанға «жүрдім — бардым» қарайтындар да табылады. Ал, аталмыш науқанға өз үлестерін қосып, ұйымшылдық пен жауапкершілік танытқан ұжым — мекемелер мақтауға тұрарлық. Осындай белсенділердің бірі — Шыңғырлау аудан әкімі аппаратының ұжымы. Сөзімізге негіз болсын, яғни,бүгін, аудан әкімі Ержан Тұрмағамбетовтің өзі бастап аппарат қызметкерлері мен мамандар түгелдей дерлік аудандық «Серпін » газетіне жазылды. «Каз Пошта» АҚ  аудандық филиалы мекемесінің  ғимаратында өткен бұндай акция  газетке жазылмаған ұжымдар үшін нағыз  үлгі болмақ.

А.Муса