25.09.2020, 10:20
Қараулар: 48
БҮГІНГІ КҮНГІ ӘДІЛЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ФУНКЦИЯСЫ

БҮГІНГІ КҮНГІ ӘДІЛЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ФУНКЦИЯСЫ

Жыл басында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының негізінде ҚР Әділет министрлігінің аумақтық органдары мемлекеттік мекемелері заңнамада белгіленген тәртіппен қайта құрылды. Осыған орай, біздің ауданда да Бөрлі ауданаралық Әділет басқармасы жұмысын бастады. Әкімшілік Әділет басқармасының құрылған жаңа үлгісі туралы біз ауданаралық басқарманың басшысы Руслан ЕСЕНОВПЕН әңгімелескен болатынбыз.

  • Руслан Сағынғалиұлы, облыс көлемінде қай аудандарда Әділет органдары қайта құрылды және қайта құрудың басты мақсаты неде?
  • ҚР Президентінің мемлекеттік қызметкерлер штатын қысқарту және цифрландыруға көшу туралы тапсырмасын орындау үшін Әділет министрлігі ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы (№1048) қаулысын басшылыққа ала отырып, жекелеген аудандық Әділет басқармаларын қайта ұйымдастыру және оларды ауданаралық басқармаларға қосу туралы шешім қабылдады. Батыс Қазақстан облысында Ақжайық ауданаралық басқармасы мен Жаңақала ауданы біріктірілді. Ал Казталов ауданаралық Әділет басқармасының құрамына Бөкейорда және Жәнібек аудандары қосылды. Бәйтерек аудандық Әділет басқармасына Тасқала мен Теректі аудандары біріктірілді. Бөрлі ауданаралық Әділет басқармасына Шыңғырлау, Сырым және Қаратөбе аудандары қосылды. Біздің аймаққа тиесілі аудандардың құжаттары Ақсайдағы ауданаралық Әділет басқармасының мұрағатында сақталады.
  • Басты жұмыс орыны Бөрлі ауданында болғандықтан, Шыңғырлау ауданында жұмыс қалай жүргізіледі?
  • Айына бір рет аудандарды аралауға шығамыз. Жалпы жұмыс электрондық құжат айналымы бойынша жүзеге асады. Электрондық форматта-қажетті құжаттар, кейде тапсырыстар хат арқылы жіберіледі. Қазір барлық аудандарда Халыққа қызмет көрсету орталығы бар. Ауданаралық Әділет басқармасына құжаттаралдымен ХҚКО арқылы тапсырылады.

БҚО Әділет департаментінің 2019 жылғы 1 шілдедегі (№151) бұйрығына сәйкес, аудандық әділет басқармаларының ведомствосындағы көптеген функциялар «Азаматтарға арналған үкімет «МК»КЕАҚ филиалының құзырына берілген. Мысалы, Бөрлі ауданы бойынша мемлекеттік мәліметтер базасынан коммерциялық ұйымдарға жататын заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу мұрағатпен бірге Үкімет филиалына берілді. Ал, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу,  құқықтық кадастрды жүргізу, құқықтық кадастрдан ақпарат беру, жылжымайтын мүлікке ауыртпалықтарды салу және алып тастау функциялары берілді. Енді осы қызметтерді алу үшін Әділет басқармасына емес, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу орталығына (бұрынғы «БТИ») жүгіну қажет.

— Ауданаралық Әділет басқармасының негізгі жұмысы қандай?

— Әділет басқармасының негізгі мақсаты — халықты заң саласы бойынша қорғау, кеңес беру. Біз заңды тұлғаларға, мемлекеттік органдарға, оның ішінде ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарына, коммерциялық емес ұйымдарға мемлекеттік қызметтер көрсетеміз. Мемлекеттікмекеменіңатауларын (қысқарған) өзгерту немесе елді мекендерді, көшелерді қайта атау қажет болғанда бізге жүгінеді.

Қоғамдық бірлестіктерді тіркеу де біздің қызметімізге кіреді. БҚО бойынша тіркеумен Әділет департаменті айналысады, ал құжаттарды қабылдау облыстық ХҚКО арқылы жүргізіледі.Бізде пәтер иелері кооперативінің жылжымайтын мүлкін тіркеу,зияткерлік меншікті қорғау, авторлық құқық қызметі жүргізіледі. Ал азаматтық хал актілерінтіркеуқызметі алынып тасталды. Бұл аудан әкімі аппаратының атқаратын жұмысы.

Осыған қоса айтарымыз,»Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясыКЕАҚ-на жылжымайтын мүлікті тіркеу берілгенімен, Әділет ведомствосында азаматтар мен заңды тұлғаларды жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуге құжаттарды тапсыруды өткізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша жұмыстары жүргізіледі.

«ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 460-бабының 1-бөлігіне сәйкес, құжаттарды тапсыру мерзімін бұзғаны үшін ескерту жасалады. Осы баптың 2-бөлігі бойынша жеке тұлғаларға 10 АЕК (27780 теңге) және заңды тұлғаларға — 20 АЕК (55560 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынады. Егер айыппұл қысқа мерзім ішінде төленсе, онда оның сомасы 50% — ға төмендетіледі.

  • Екі аудан арасындағы жол қашықтығы бар, онымен қоса, соңғы кезеңдегі карантиндік шараларға байланыстыжұмыс регламенті халық үшін ыңғайластырылған ба?
  • Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин режимі енгізілуіне орай Бөрлі ауданаралық Әділет басқармасында күн сайын онлайн режимінде азаматтарды құқықтық мәселелер бойынша телефон және интернет байланыстары арқылы кеңес беру жүргізіледі. Әлеуметтік желілерде онлайн кеңес алу үшін байланыс телефондары көрсетілген азаматтар үшін ақпарат орналастырылған.Іс-шараның мақсаты-қашықтық режимінде азаматтарға кеңес беру.

Жеке тұлғаларға Бөрлі ауданы Ақсай қаласына Әділет басқармасына кеңесалу үшін арнайы келудің қажеті жоқ, азаматтарға кеңестер телефондар арқылы көрсетіледі: 8 (71133) 36773, 8 7712365121 нөміріне қоңырау шалуға және электрондық пошта r.esenov@adilet.gov.kzарқылы жүгінуге болатыны жөнінде қаперге саламыз.

  • Ауданаралық әділет орган жұмысының мақсатын ашып, түсіндіріген сұхбатыңыз үшін рахмет!

 

Әңгімелескен Аман ІЗМҰХАН