30.01.2020, 16:19
Қараулар: 51
Бірлесе жұмыстануға шақырды

Бірлесе жұмыстануға шақырды

Ағымдағы жылдың  22-ші қаңтар күні, аудан әкімі Ержан  Тұрмағамбетовтың аудандық қоғамдық кеңес отырысында 2019 жылғы атқарылған жұмыстар туралы есебі тыңдалды. Қоғамдық кеңес мүшелері жыл бойына атқарылған игі істері мен үстіміздегі жылдың жаспарын тыңдай отырып, Аудан әкімі Е. Тұрмағамбетовтың баяндамасын бір дауыспен мақұлдады. Сондай-ақ күн тәртібінде аудандық қоғамдық кеңес төрағасы С.Жұмағұловтың 2019 жылғы есебі мен 2020 жылға арналған жоспары, Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2019 жылғы атқарылған жұмыстары туралы, аудан  әкімдігінің «Шыңғырлау ауданы бойынша, 2020 жылға жұмыс орындарына квота  белгілеу туралы» қаулысының жобасын мақұлдау туралы мәселелер  қаралды. Жиын соңында аудан әкімі Ержан Рысжанұлы қоғамдық кеңес жұмысының маңыздылығын айта отырып, болашақта белсенділікпен аудан мүддесі үшін бірлесіп жұмыстануға шақырды.

Анар Сағи