26.11.2020, 15:25
Қараулар: 115
Балабақшаға жөндеу жұмыстары басталды

Балабақшаға жөндеу жұмыстары басталды

Биыл Ақшат ауылының тұрғындары үшін жағымды жаңалықтарға толы жыл болды деп айтуға болады. Зәулім екі қабатты мектебі күрделі жөндеуден өтіп, ауыл ортасына тақтайдай тегіс жол төселді. Көгілдір отыны мен таза ауыз суы оң шешімін тапқан ауылда осыдан бірер жыл бұрын жаңа аурухана бой көтеріп, әлеуметтік нысандар іске қосылды.Енді міне, жергілікті бюджеттен 6 млн теңге көлемінде қаражат бөлініп, ауыл балабақшасы жөндеуден өтуде. Бұл күнге дейін мектеп жаңындағы ғимаратта орналасқан балабақша болашақта өз алдына бөлек ғимаратты жөндеуден өткізіп, жаңа «отау» тікпек. 40 орындық балабақшаның жөндеу жұмыстарын «Старт» ЖК жүргізуде.

«Бүгінде ғимараттың едәуір жұмыстары жасалды. Атап айтқанда, ішкі жөндеу жұмыстарын атамағанда, су өткізіліп, кәріз қайта жасалды, жылу қазандығы қалыпқа келтірілді. Ендігі кезекте ішінде ұсақ-түйек жұмыстар қалды. Барлық техникалар мен құрал-саймандар жеткілікті. Жергілікті тұрғындарды қоса есептегенде барлығы 12 адам жұмыс жасайды», — дейді «Старт» жеке кәсіпкерлігінің басшысы Нұрғалиев Нұрлыбек.

 

Бұл балабақшада екі жастан бес жасқа дейінгі екі топ тәрбиеленеді. Желтоқсан айында пайдалануға берілетін балабақшада әр түрлі кабинеттер қарастырылған. Мұнда мектепке дейінгі бүлдіршіндер қазақ тілінде білім алып, орыс, ағылшын тілдерін қосымша пән ретінде оқиды.

Аман ІЗМҰХАН,

Шыңғырлау ауданы