10.12.2019, 17:41
Қараулар: 742
«Ақ өрістегі»  күн панелі

«Ақ өрістегі»  күн панелі

Қарағаш ауылдық округіне қарасты «Ақ өріс» шаруа қожалығы биылғы қысты қысылмай өткізері анық. Қожалықтағы 100 — ге тарта ірі қараның мал қорасы да, жем — шөбі де жеткілікті. Жаз бойы жиған 700 орама  шөп қыстақта жиюлы. Ал малдың жемі сатып алынған. Қожалық жетекшісі  Орынғалиев Жасұлан Шыңбайұлы үшін үстіміздегі жыл жетістікке толы жыл болғаны рас.  Ол мал басын көбейтіп шаруасын бірлесе, тағы бір жетістігі — қожалығына күн панелдерімен электр көзін тартып, жаңа  технологияның шарапатын көруде.

Құны 2 млн. 500 мың теңге тұратын акуммуляторлы  және батареялы инвентрлы контролі бар 2 киловаттық  күн панелдері Жасұланның шаруасына да, тұрмысына да ыңғайлы болуда. Ал оның қаражатын айтсақ,  инвестициялық салымдар кезінде  агроөнеркәсіптік кешен субьектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін  өтеу  бойынша субсидиялау  кезіндегі қаражаттың  көмегімен осы күн панелдеріне қол жеткізген болатынды.  Осындай технологияның жақсылығын көршілес қожалықтар да көрсе дейді  қожалық жетекшісі.

А.Муса