9.10.2020, 17:55
Қараулар: 63
Ақтаулықтардың мал қоралары жаңаруда

Ақтаулықтардың мал қоралары жаңаруда

Ақтау ауылының адамдары жылдар бойы мал шаруашылығымен айналысып келеді. Ақтауда120 жеке аула шаруашылығы тіркелсе, соның 120-да малмен айналысады. Баршасы да жылқы, ірі қара, қой мен ешкі ұстайды. Көктем келісімен қауырт науқанға кірісіп кететін шаруалар, қысқы мал азығына 27548 гектар жердің шөбін орып, 2635 тонна шөп әзірлеген. Оны қыстақ басына тасып, қора — қопсыларын да жөндеп, тап-тұйнақтай отыр. Ал «Аманер» шаруа қожалығының жетекшісі Бауыржан Көпешов мал қыстағына өзінің де әзір екендігін және малға арнап үлкен ангар салғанын, төрт түліктің барлығы сиятындай көлемде екенін айтады. Иә, расымен 80-ге жуық ірі-қарасы, 50 шақты жылқы мен сондай көлемде ірілі -ұсақты малдың қамын жасап, міне енді қолға алған ісін аяқтап қалған жайы бар. Айта кету жөн Ақтауда биылғы жылы малға арналған осындай 4 ангардың құрылысы аяқталуда.

Ақтаулықтар, әсіресе, жаз айларында тыным таппайды. Қар ерісімен шалғы орағын сайлайтын шаруалар қара күзге дейін малдың азығын дайындайды. Есесіне, міне, әр жыл сайын қыстан қысылмай малы шықса, онымен қоса азығы да келер жылға артығымен қалып отырады.

Айсулу Арыстанова