9.01.2020, 17:33
Қараулар: 188
Ауыл шаруашық мәселелері талқыланды

Ауыл шаруашық мәселелері талқыланды

Аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға бағытталған жиын өтті. Аудан әкімінің орынбасары Азамат Бисембаев жүргізген жиынға «Қазақстан фермерлер одағы» РҚБ БҚО филиалының төрағасы Серік Жарылғасов, «Кублей» ЖШС-нің ет өндеу кешенінің мал сатып алу бөлімінің басшысы Бақытбек Айтбаев және мекеме, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, шаруа қожалық басшылары қатысты.

Жиналыс барысында  ауыл шаруашылығы саласындағы соңғы жаңалықтер мен өзгерістер, мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар, «Кублей» ЖШС-нің мал сатыл алу жөнінде және салық мәселесіне қатысты заңнамадағы соңғы өзгерістер баяндалды.  Шаруа қожалық басшылары тарапынан жұмыс барысында кездесетін қиыншылықтар мен құжат рәсімдеуге қатысты сұрақтар қойылып, тұщымды жауап алынды.

Ауыл шаруашылық саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Ақшақ ауылдық округінің шаруа қожалық басшылары — Ж.Байқатов, Н.Мезинов, И.Пасилько РҚБ «Қазақстан фермерлер одағының» Президент-төрағасы атынан Құрмет грамоталармен марапатталды.

«Қазақстан фермерлер одағы» Шыңғырлау ауданы бойынша филиалының өкілі болып «Өнім» ШҚ басшысы Байқатов Жолдас сайланды.

Аман Ізмұхан