20.11.2019, 18:10
Қараулар: 331
Ауданымызда өткен «Қызыл ай» қоғамының презентациясы

Ауданымызда өткен «Қызыл ай» қоғамының презентациясы

Ауданымызда « Қызыл ай» қоғамының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Светлана Тенишева іс сапармен болып, мазмұнды әрі әсерлі презентация өткізді.  «Қызыл ай» қоғамының елімізде атқарылып жатқан жұмыстары туралы түсіндіріліп, көптеген мағлұматтар берілді.
Презентацияға ауылдық округ әкімдері, ішкі саясат, аудандық ішкі істер және аудандық төтенше жағдайлар, жол-патрульді полиция, қорғаныс істері жөніндегі бөлімдердің өкілдері, БАҚ қызметі қатысты.
Жиналғандар алдында ауданымызға арнайы келген Светлана Тенишева тренинг жұмысын өте қызықты әрі тартымды өткізді. «Бұл кездесуден күнделікті өмірде мән бермейтін жәйттерге де қанығып, әсіресе, адамдардың қандай жағдайға да әзір болуы керектігін түсіндік»-дейді  қатысушылар.
Тренинг соңында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Эльмира Тағаниязова қатысушылар атынан алғысын білдірді.
Айсұлу Арыстанова