21.08.2020, 16:25
Қараулар: 129
Археологиялық ескерткіштер қасиетті мұрамыз

Археологиялық ескерткіштер қасиетті мұрамыз

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-мәдени мұраларын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясы – облыстағы тарихи-мәдени мұраларды анықтау, зертеу, ескерткіштерді археологиялық зерделеу және ғылыми жұмыстар жүргізу, есепке алу, олардың техникалық жағдайын қарау, фотофиксациядан өткізу, сақтау, насихаттау, бағдарламалар әзірлеу, археологиялық ескерткіштерді паспорттандыру және оларға қорғау белгілерін орнату үшін құрылған мәдениет саласындағы мемлекеттік мекеме болып табылады.

Тарихы тереңнен сыр шертетін өңірімізде әр түрлі дәуірдегі  археологиялық ескерткіштер, тарихи, сәулет, монументалды өнер және қала құрылысы ескерткіштері көптеп саналады.

Қазіргі уақытта облысымызда барлығы 2162 ескерткіш қорғауда тұр. Республикалық маңызы бар ескерткіш 31, жергілікті маңызы бар тарих, архитектура және монументалды 166 ескерткіш сонымен қатар жергілікті маңызы бар археологиялық 1965 ескерткіш есепте.

Бүгінгі таңда өңіріміздегі қола дәуірі, ерте темір дәуірі, орта ғасыр кезінен сыр шертетін тарихи-мәдени мұраларды зерттеу мақсатында Батыс Қазақстан облыстық тарихи-мәдени мұраларын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясының жылдық жұмыс жоспарына сай бөлім басшысы Абзал Байбеков, бас инспектор Ерұлан Орынбасаров және автокөлік жүргізуші Мәлік Жанғали Шыңғырлау ауданы аумағындағы тарихи нысандарға қорғау белгілерін орнату, GРS-координаттарын анықтап және нақтылау жұмыстарын жүзеге асыруда.  Инспекция қызметкерлері ат үстінен бел жазбай жүріп Шыңғырлау ауданы бойынша 192 археологиялық ескерткішті анықтаса, тарихқа таласы бар мамандардың еселі еңбегі арқасында 132 объект мониторингтен өтіп, қалған 60 ескерткішке мониторинг жүргізілуде.

                                                                                              

                                                                                  Ахмедияр БАТЫРХАНОВ,

                                                                           Батыс Қазақстан облыстық

                                                                    тарихи-мәдени мұраларын қорғау

                                                               жөніндегі мемлекеттік инспекцияның

                                                                                              инспекторы