18.03.2020, 12:36
Қараулар: 279
Мемлекеттік сатып алу саласындағы құқық бұзушылықтар

Мемлекеттік сатып алу саласындағы құқық бұзушылықтар

Батыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті өз құзіреті шегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады.

2019 жылдың әкімшілік тәжірибесін сараптау мемлекеттік сатып алу саласында құқық бұзушылықтар едәуір ұлғайғанын көрсетті. Мысалы, 2019 жылы 535 лауазымды  тұлғаларға 24 756 875 теңгеге  әкімшілік хаттамалар толтырылса, оның ішінде 444 хаттама немесе 83 пайызы мемлекеттік сатып алу заңнамаларын бұзушылықтар бойынша толтырылған.

Ең көп жіберілгені Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген жағдайларда, мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру, сол сияқты, бекітілген мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көзделмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу түрінде жіберілген бұзушылықтар. Бұлар үшін 254 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа (аукционға) қатысуға арналған өтінімдерін уақтылы қарамау, сол сияқты алдын ала жіберу хаттамасын және (немесе) қорытындылар хаттамасын уақтылы орналастырмау бұзушылықтарымен 103 лауазымды тұлға, өнім беруші өзімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді тиiсiнше орындамаған жағдайларда, әлеуетті өнім берушілерді немесе өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талап қойып сотқа жүгінбеуі немесе уақтылы жүгінбеуі бойынша 51 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.

Бұдан басқа бұзушылықтардың ерекшеліктері де  ұлғаюда. 2019 жылы алғаш рет мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын) немесе мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырмау немесе уақтылы орналастырмау, сол сияқты мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын экономикалық сыныптаманың мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасу талап етілетін өзіндік ерекшеліктері (шығыстар баптары) бойынша жиынтығында бюджетке (даму жоспарына) немесе жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес келмейтін көлемде бекіту (нақтылау)  бұзушылықтары үшін6 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.

Департамент өз тарапынан бұзушылықтардың алдын алу, болдырмау бағытында мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырушылар мен тапсырыс берушілерге түсінік жұмыстарын жүргізуде. Осы бағытта 2019 жылы облысымыздың ұйымдастырушылар, тапсырыс берушілер, әкімшіліктер, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің қатысуымен 3 кеңейтілген кеңестер ұйымдастырылып, түсінік жұмыстары жүргізілді.

ҚРҚаржы министрлігі Ішкі

мемлекеттік аудит комитетінің

БҚО бойынша ішкі

мемлекеттік аудит департаменті

 

 

О правонарушениях в сфере  государственных закупок

 

Департамент внутреннего государственного аудита по Западно-Казахстанской области    в пределах полномочий осуществляет контроль за соблюдением законодательства Республики Казахстан о государственных закупках.

Подводя итоги административной практики за 2019 год, отмечается, увеличение  числа правонарушений в сфере государственных закупок. Так, за 2019 год на 535 должностных лица составлено административных протоколов на общую сумму 24 756 875 тенге, из которых по нарушениям законодательства о государственных закупках составляет 444 протокола или  83% от общего числа.

Самое большое количество нарушений совершено за осуществление государственных закупок способом из одного источника путем прямого заключения договора о государственных закупках в случаях, не предусмотренных законодательством, а равно приобретение товаров, работ, услуг, не предусмотренных в утвержденном годовом плане государственных закупок. За данное правонарушение  привлечено 254 должностных лица.

Занесвоевременном рассмотрение заявок потенциальных поставщиков на участие в конкурсе (аукционе), а равно несвоевременное размещение протокола предварительного допуска и (или) протокола итогов привлечено 103 должностных лица.

За необращение или несвоевременное обращение заказчика в суд с иском о признании потенциальных поставщиков или поставщиков недобросовестными участниками государственных закупок привлечено  к ответственности 51 должностных лица.

Увеличивается  и квалификации самих  правонарушений. Так в 2019 году, впервые привлечены 6 должностных лица за неразмещение или несвоевременное размещение годового плана государственных закупок (предварительного годового плана государственных закупок) или внесенных изменений и (или) дополнений в годовой план государственных закупок (предварительный годовой план государственных закупок) на веб-портале государственных закупок, а равно утверждение (уточнение) годового плана государственных закупок в объеме, не соответствующем бюджету (плану развития) или индивидуальному плану финансирования в совокупности по спецификам экономической классификации (статьям расходов), по которым требуются заключения договоров о государственных закупках.

Департамент, со своей стороны, в целях недопущения нарушений проводит разъяснительную работу среди организаторов и заказчиков государственных закупок. В 2019 году проведено 3 расширенных совещания с организаторами и заказчиками государственных закупок области в котором приняли участие работники акиматов и  государственных органов области.

 

Департамент внутреннего государственного

аудита по ЗКО Комитета внутреннего

государственного аудита

 Министерства финансов РК