9.07.2020, 18:28
Қараулар: 142
МОНИТОРИНГТІК ТОП ЖҰМЫСЫН ЖАЛҒАСТЫРУДА

МОНИТОРИНГТІК ТОП ЖҰМЫСЫН ЖАЛҒАСТЫРУДА

Бұған дейін да хабардар болғаныңыздай, аудан әкімі аппараты жанынан құрылған мониторингтік топ жұмысы қатаңдатылған бағытпен жүргізілуде. Аталмыш топтың басты мақсаты — адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сонымен қатар, ауданымызда карантин талаптарында көрсетілгендей барлық іс-шаралардың ойдағыдай атқарылуы. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты аудан орталығы және ауылдық округтердегі  барлық мекеме-нысандардың және ондағы қызметкерлер мен мамандардың сақтық ережелерін бұлжытпай орындауын қадағалау жұмыстары жиі жүргізіледі.

«Дәстүрлі түрде үнемі ұйымдастырылатын мониторингтік топтың жұмысы нәтижесінде кәсіпкерлер тарапынан тиісті жұмыстар атқарылған. Дене қызуын өлшейтін аппаратпен өлшеп, сатушылар бет перде мен қолғап киіп жұмыс жасап, кіре берістен арнайы санитайзермен қолын сүрту дағдыға айналған. Дегенмен, бүгінгі тексерісте қарапайым тұрғындардың ара қашықтықты сақтамауына және бетпердені дүкенге, супермаркетке кіргенде кигенімен, ғимарат ішінде шешіп тастау фактілері анықталды. Барлық тұлғаларға ескерту беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді» дейді Шыңғырлау аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының жетекші маманы М.Тұрмағамбетова.

Маманның хабарлауынша карантиндік талаптар сақталмаса, ендігі кезекте «Қазақстан Республикасының «Әкiмшiлiк  құқық бұзушылық туралы» Кодексiнiң 425 бабы 1 тармағында «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялык саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ак гигиеналык нормативтердiң бұзылу фактiлерi анықталғанда жеке тұлғаларға 30, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субьектiлерiне немесе коммерциялык емес ұйымдарға – 230 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынады» деп көрсетілген бапқа сәйкес жазаланы екен. Демек, сақтық шараларын орындамау — ең алдымен құқық бұзушылық болып саналады және заң бойынша айыппұл салынады. Ал адами көзқарас бойынша айтсақ — жерлестеріміз, тұрғындар алдындағы және өзіңнің жеке басыңның алдындағы жауапкершілік жүгін сезінбеушілік. Заңға бағынған құл болмайды деп батыр Бауыржан атамыз атқандай, заң талаптарын қатаң орындау арқылы індеттен алыстарымыз анық. Аман болайық, ағайын.

А.АРЫСТАНОВА