31.07.2020, 10:51
Қараулар: 101
        Ауыл үшін гуманитарлық көмек

        Ауыл үшін гуманитарлық көмек

     

Жуырда ауданымызға облыстық қоғамдық келісім кеңесінің қолдауымен, Иманғали Тасмағанбетов атынан «Сәби» қайырымдылық қорының қаражатына алынып, Ресейдің Астрахань қаласынан әкелінген гуманитарлық көмек келіп жетті.  Қиын кезде  бір-біріне қол ұшын беру-адами парыз. Әсіресе, елді пандемия жайлаған шақта. Осындай көмектен біздің ауданымызда қалыс қалмағаны сүйінішті.

 «Ауданға ауруға шалдыққан  тұрғындар үшін гуманитарлық көмек келді. Тез арада құрылған аудандық комиссия мүшелерінің шешімімен бұл көмек ауылдық округтердегі амбулаторлық жағдайда емделуші сырқаттарды қолдау, емдеу үшін берілуде»,-дейді аудандық аурухананың бас дәрігері Қылыш Жазықбаев. Қазіргі күні алыстан келген дәрі-дәрмек пен керек-жарақтарды тегін жеткізу жұмысы ұйымдастырылуда. Демек, ауданымыздың орталығы және сегіз округтегі індетке шалдыққан жандар үшін бұл үлкен көмек болмақ.

                                                                                                                                                                                                                                       Айсұлу АМАНГЕЛДІҚЫЗЫ