9.10.2019, 17:59
Қараулар: 664
Маңызды мәселелер талқыланды

Маңызды мәселелер талқыланды

Бүгін аудан әкімі Е.Тұрмағамбетовтың төрағалығымен Шыңғырлау ауданындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі аймақтық комиссиясы және аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияларының отырысы өтті. Отырыста білім және денсаулық сақтау салаларындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын-алу жолдары, соның ішінде мәселелер мен оларды шешу  туралы аудандық білім беру бөлімінің басшысы Абзал Сапаров пен аудандық аурухана директоры Қылыш Жазықбаев баяндама жасады.

Ал, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында қабылданып жатқан шаралар туралы Ақтау ауылдық округінің әкімі Мұрат Тасболатов және Ардақ ауылдық округінің әкімі  Самиғолла Ұржановтың ақпараттары тыңдалды. Аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының 2019 жылдың 2 тоқсанындағы жұмыстары да сараланып,  қоғамдық орындарда, мас күйінде жасалған және көшелерде орын алатын қылмыстардың жай-күйі, олардың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстары жөнініде  полиция бөлімінің басшысы Сергей Астафьев, заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл бойынша қабылданған шаралар  барысында  аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Асхат  Нысановтың есебі тыңдалды.

Комиссияда жазғы демалыс кезінде оқушылар және жастардың бос уақытын ұйымдастыру бойынша  жүргізіліп жатқан жұмыстармен қоса бөлім басшысының ұсынысы ескерілді. Бұл- балалар демалысы кезінде көбіне-көп  балалардың отбасылық және әлеуметтік жағдайына қарап кезекпен  түрлі демалыс орындарына жіберілуде.  Бұл дұрыс,  десек те  үлгілі тәртібімен, үздік үлгеріммен мектепте көзге түсіп  жүрген оқушыларымызды да осындай  жақсы демалыстарға неге жібермеске деген ұсыныс түсті. Ал полиция бөлімі басшысының айтуынша өткен кезеңмен салыстырғанда  аудандағы  қылмыс  8 фактіге, яғни 6,9 пайызға төмендеген. Дейтұрғанымен мал ұрлығы әлі азаймаған және  жол бойында иесіз малдың жүруі автожүргізушілердің  жол жүруіне  және автокөлік оқиғаларының   жиі орын алуна себепші болуда екен.  

А.Муса

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар