18.09.2019, 17:00
Қараулар: 216
Жаңа Жолдау талқыланды

Жаңа Жолдау талқыланды

Жуырда Шыңғырлау ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Президентіміз Қ.Тоқаевтың халқына жолдаған Жолдауы талқыланды. «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдау жолдары түсіндірілген жиында аудан әкімі Ержан Тұрмағамбетов баяндама жасады. Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша  Жолдаудың 2-ші бағытындағы мәселелер бойынша жарыссөзде БҚО ПД Шыңғырлау ауданы Пб  ӘПб  бастығы, полиция майоры М. Уксукбаевтың пікірі тыңдалды.

Азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу кажеттілігі айтылуда. Сондай-ақ, аса маңызды жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін талқылау жұмыстарына азаматтық қоғамның мүмкіндіктерін кеңінен қолдану қажет деп Мемлекет басшысы халыққа жолдаған Жолдауында айтып кеткені баршаға аян. Сол себепті қоғамдық келісімді нығайту бағытындағы пікірімен аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Мұрат Бекжанов, «Ізге-ай» татар этно-мәдени бірлестігінің жетекшісі Л.Волошина ой  бөлісті. Жолдауды талқылағандар алдында медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытында Шыңғырлау ауданының орталық аурухана директоры Қылыш Жазықбаевтың да пікірі қаперге алынды.

Аудан басшысы өз сөзінде елді дамытуға және тұрғындардың әлеуметтік жағдайларын жақсартуға арналған жаңа Жолдауды аудандағы атқарылатын жұмыстармен байланыстыра отырып, іске асыруды тапсырды. Жұмыстың нақты болуы үшін жұмыс жоспарының жобасы тыңдалып, жиын қарары бір ауыздан қабылданды.

 

Айсұлу Муса