17.09.2019, 12:37
Қараулар: 203
Бірінші орын — Бекзатта

Бірінші орын — Бекзатта

Ағымдағы жылдың тамыз айының 13-17 күндері аралығында Ресей Федерациясының Соль-Илецк қаласында Ұлы Отан соғысының ардагері Иван Степанович Шишкинды еске алуға арналған бокстан жасөспірімдер арасында дәстүрлі халықаралық ашық турнирі өтті.
Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей мемлекеттерінің білікті спортшыларының ішінен 48 келі салмақ дәрежесінде ауданымыздың намысын қорғаған жас боксшы Ондағанов Бекзат 1 орынға ие болды. 100-ге жуық спортшылар қатысқан турнирде Бекзат шеберлігімен көзге түсіп, қарсыластарынан басым түсті.
Бекзат осы өнері үшін және жеткен жетістігіне өзінің бас бапкері Александр Илич Пятинге алғысын білдіреді. Бекзатты жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз және болашақта биік белестерді бағындырарына сенімдіміз.

Өз тілшіміз