17.09.2019, 12:35
Қараулар: 139
Отбасылар байқауы оздырылды

Отбасылар байқауы оздырылды

Шыңғырлау аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының мамандары Шыңғырлау аудандық мәдени демалыс орталығының қызметкерлерімен бірігіп «Отаным — тірегім, отбасым — мақтанышым» байқауын жүзеге асырды. Байқаудың басты мақсаты жас отбасыларды жаңа қырынан танып, отбасының негізі мен құндылығын дәріптеу. «Ата — бабаларымыз өткен сара жолдағы қадір тұтқан «Отбасы — ошақ қасы» деген ұғымды жас ұрпақ санасына сіңіру бүгінгі байқаудың басты мақсаттарының бірі болатын», — дейді ұйымдастырушылар.
Байқау барысында жас отбасылар өздерінің өнерлерін ортаға салып, тапқырлықтарымен тығырықтан шығып және көнеден қалған көз ретінде қамшы өріп, арқан тартқан болатын.

«Ауданымызда  жаңадан қалыптасып келе жатқан жас отбасылардың басын қосып, оларға түрлі сайыстар, эстофеталық ойындар, кездесулер ұйымдастырылып отыратындығы бізді қатты қуантады. Бұл өзара достық ортаны қалыптастыруға керек деп ойлаймын. Бүгінгі байқаудан да алған әсеріміз ерекше. Ұйымдастырушыларға жанұямыздың атынан зор алғысымызды білдіреміз»,-дейді Сатпановтар отбасы.

Байқау соңында қатысушыларға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталып, шара мазмұны естелік фотосуретке түсумен қорытындыланды.

Өз тілшіміз

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар