26.08.2019, 16:31
Қараулар: 273
Жалынды жастарды тоғыстырған шаралар

Жалынды жастарды тоғыстырған шаралар

Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының мамандары және «Шыңғырлау жастары» ЖҚБ  аудандағы белсенді жастарының басын қосып «Жастар кеңесін» өткізді. Кеңеске ауылдық округтердің белсенді жастары келіп, өз ойларымен бөлісті және де жастар тарапынан қандай ізгі қадамдар жасауға болатындығын тілге тиек етті. Осы уақытқа дейінгі өткізілген шаралардың легі баяндалып, алдағы уақыттағы жоспарлар талқыға салынды.
«Birlik Unity»  коворкинг орталығында «Жаңа кезең» атты белсенді жастардың арасында тимбилдинг өткізілді. Тимбилдинг барысында тренингтер мен психологиялық ойындар ойнатылып, жастарға арналған түрлі қызықты сұрақтар қойылып, жастардың өздерін жаңа қырынан көрсетуіне мүмкіндік берілді.

Осы күннің қорытындысы  «Шыңғырлау аудандық мәдениет үйінің мамандарымен бірігіп «Жастар жалыны» атты өткен шоу – концерт болды. Концерт интерактивті форматта өткізіліп, көрермендердің қызығушылықтарын арттырды.  Осы кеште бұрын соңды сахнада өнер көрсетпеген жас таланттар өз өнерлерін ортаға салды. Жаңа заманауи стильдегі билер мен жаңа форматтағы әндер халықтың көңілінен шықты. Осы кештің ең басты тосын сыйы ол әрине, жастарға арналған  отшашуы болды. Кеш соңы заманауи әндер мен жаңа форматта жасақталған би кешімен жалғасты.

Назым Айқын

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар