26.08.2019, 15:53
Қараулар: 490
Халықтың сұранысына қызмет етсе

Халықтың сұранысына қызмет етсе

Аудан орталығында халыққа қызмет көрсететін нысандардың көбейіп отырғандығы жұртшылыққа таңдау мүмкіндігін беретіні сөзсіз. Нарық бағасын қуаламай, қарапайым халықтың қалтасымен де санасатын шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысы әрдайым өрге басатыны түсінікті. Аспандағы бағаны сұрап тұрған қайсыбір сауда нүктелерінің  жұмысының тоқырауы да осындай қарапайым ережелерді жадында сақтамағандықтан деп түсінген жөн. Жуырда ауданымызда бұрынғы «Талап» дәріханасының ғимаратында жаңа «36,6» дәріханасы ашылды. Жеке кәсіпкер Гүлнар Елтаева дәріхананы аша отырып, 5 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етті.

Тұрғындар жаңа ашылған дәріханадан дәрігер берген нұсқаулық негізінде дәрі-дәрмек ала отырып, өздеріне қажетті бұйымдарға да тапсырыс бере алады. Бағасы қалта көтеретін, аптаның әр күнінде қызмет көрсететін аталмыш дәріхана халықтың сұранысын қанағаттандырып, жұмыс барысында дәрі базарындағы бағаға бәсекелес бола алады деп сенеміз.

Гүлім Шынтас

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар