16.08.2019, 16:49
Қараулар: 528
Туған өлкеге тағзым

Туған өлкеге тағзым

Туған өлке – адам өмірінде ерекше орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенімен және болашақпен байланыстырады. Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмірбақи тұратын өлкесі.
Туған жерге деген патриотизм мен сүйіспеншіліктің үлгісін көрсетіп, Тұңғыш Президентіміз  Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер», «Ауыл –ел бесігі» арнайы жобалары аясында А.Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің 1994 жылғы түлектерінің ұйымдастыруымен Ақшат ауылдық округінде  Жеңіс күніне арналған обелискінің жанына «Менің жүрегім Ақшат» атты жарық диодты белгі орнатылды.

Г. Шынтас