16.08.2019, 16:47
Қараулар: 414
Мергендер жарысы

Мергендер жарысы

Жуырда  Ардақ ауылдық округінде  қазақ халқының ер жігітті мергендік, ептілік қабілетін сыннан өткізетін, намысын жанитын ежелгі ойындарының бірі жамбы атудан ауыл жастары арасында жарыс  өтті. Шараның мақсаты: ауылдық жерлерде жастар арасында ат спортын кеңінен насихаттау, табиғатты, жануарларды аялауға үйрету, жастар мен мектеп оқушыларын ат спорты арқылы салауатты өмір салтына бейімдеу, отанын сүюге, патриотизмге тәрбиелеу.

Жарыс қызық әрі тартысты өтті. Қызықтаушы, қолдаушы көрермендер де аз болған жоқ. Ойынның осы түріне қызығушылық ьаныьқандардың жауапкершілікпен, әзірлікпен келгендері де қуантты. Нәтижесінде жарыс соңында ерлер арасында І орынды М.Бекужиев,ІІ орынды А.Ғұмаров, ал ІІІ орынды И.Жүсіпов жеңіп алды.

Әйелдер арасындағы жарыстың да өз жанкүйерлері жеңімпаздарды қошеметтеп жатты. І орын А.Шурмановаға,ІІ орын Г.Құсмағұловаға, ІІІ орын А.Ғұмарованың еншісіне бұйырды.
Жеңіске жеткен жеңімпаздар «Шыңғырлау» спорт клубы атынан арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.

Назым Айқын