16.08.2019, 16:31
Қараулар: 570
Күн панелдерін орнатты

Күн панелдерін орнатты

Ауыл шаруашылық өндірістік кешенін цифрландыру аясында  ауданымыздың  мал шаруашылығы саласына ден қоюшылар заманауи өзгерістермен жете танысып қана қоймай, оны өз жұмыстарында қолдануды да батыл жүзеге асырып келеді. Бүгінгі күні ірі қара мал басын  өсірушілер баламалы энергетиканы белсенді дамытуды да игеріп алды. Осы салаға беріліп отырған мемлекеттік қолдау шараларымен де жете танысып, оның тиімді тұстарын да тиісінше пайдалануға төселіп те қалды.
Айталық, «Ақтау» селолық округінде орналасқан «Аманай» ШҚ басшысы Сағытжан Оразов пен «Аманер» ШҚ басшысы Бауыржан Купешев  шаруашылық басында күн панельдерін орнатып, игілігін көруде. Ауыл-елдің әлеуетін көтеріп, туған жерді түлетіп, жаңаша тыныс беруді мақсат еткен бұл малсақ жандар ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді субсидиялау бағдарламасы аясында кәсіптерін кеңінен өрістетуді мақсат тұтуда.

Гүлім Шынтас

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар