16.08.2019, 16:29
Қараулар: 410
Жаңа мамандық берген мүмкіндік

Жаңа мамандық берген мүмкіндік

Аудан көлемінде жұмыссыздық азайту, екі қолға бір күрек іздеп жүрген жандарға аудандық жұмыспен қамту орталығы үлкен көмек ебруде. Орталық ұжымы жұмыс іздеп келген, ұсынылған мамандық түрлеріне ынта-ықылас танытқан жандарды бейімділіктеріне қарай кәсіптік білім алуға жолдауда. «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының» І бағыты бойынша  қатысушылардың дені техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз етілуде.

 Жұмыспен қамту орталығының бас маманы Клара Айталипованың мәлімдеуінше,  қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 92 адамға облыстық бюджеттен 11 млн 617 мың теңге бөлініпті. Ағымдағы жылдың 1 маусымынан басталған оқуға 70 адам жоkданыg, жұмыс 76,1% пайызға орындалған. Саралап айтар болсақ. Шыңғырлау колледжінде ЭЕМ операторы мамандығына – 17, аспазшылыққа – 15, тракторшы мамандығына – 19 адам, «Самат» автомектебіне DE категриясын алуға – 5 адам жолданып,оқуларын аяқтап шықты. Ал, «ЮлАнИл» ЖШС оқу орталығында  4 адам тігіншілікке төселіп, 5 жұмысшы іс жүргізуші мамандығына оқып келсе, тәрбиеші көмекшісі оқуын оқыған 5 адам мамандықтары  бойынша жұмыс орындарына жолданды.

Жалпы өздері қалаған мамандықтарды тізгіндеген 4 адам бүгінгі таңда тұрақты жұмысқа орналасып та үлгерді.

Жаңа мамандық түрін игеріп қана қоймай, қоғамның белсенді мүшесі ретінде өздерін таныта алуға тарысам деген тұрғындар бұл күнде отбасында қаржылай мұқтаждықты болдырмауға   берілген осындай мүмкіндіктің барлығығына дән риза.

Гүлшат Ибрагимқызы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар