26.07.2019, 11:28
Қараулар: 419
Түлектер тартуы

Түлектер тартуы

Тұңғыш Президентіміз Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында туған еліне қолдау білдірушілердің саны артып келеді. Туған өлкесінің бір қажетіне жарап, қолдарынан келгенше қолдау көрсетуді мақсат еткен  жерлестеріміз жуырда тағы да бір игілікті істі қолға алды.  Ақшат ауылының  орта мектебін 1962 жылғы бітірген түлектер 40 жылдық кездесу кешінде демалыс орнына жағажай салып берді.

Осы шара аясында  А.Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебінде «Мектеп – түлектерімен даңқты» атты стенд жасақталды. Стендке мектепті үздік бітірген және жақсы бітірген, туған жерін ұмытпай демеушілік көрсетіп келе жатқан түлектердің суреттері ілінді.

Мектеп мұражайына жаңартулар мен толықтырулар енгізу мақсатында 1962 жылғы түлектер кітаптар табыс етті.

Бұған қоса олар ауылдастарына Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония әншілерінің концертін тарту етті. Филармония  әншілерінің ішінде жерлесіміз Майра Хайдарова да бар еді. Әншілердің  өнеріне қалың көрермен тәнті болып, қошеметтерін білдірді. Концерт соңында сөз алған Ақшат ауылының әкімі Мади Сатыбалдиев дәстүрлі өнерге шөлдеген халыққа керемет сазды кеш сыйлаған ұжымға ризашылығын білдірді.

 

Г. Көбеш