26.07.2019, 11:21
Қараулар: 649
Өлке тарихына ден қойды

Өлке тарихына ден қойды

Жуырда қойнауына талай сырды сақтаған киелі Аққұм жері орналасқан Алмаз ауылдық округінде «Тарихи таным» атты экспедиция оздырылды. Тарихи-танымдық экспедиция ауылдық мәдениет үйінде оқушылармен кездесуімен басталды. Аудандық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының директоры А.Шотпанов   Аққұмды мекендеген қолбасшы әрі сарабдал саясаткер Баһадүр Бөкенбайдай  батыр туралы кеңінен баяндады. Ол өз сөзінде бабамыздың ерліктері мен Аққұм жеріндегі жорықтарына тоқталып,күресте Әбілқайыр ханмен бірге болғандығы жөнінде айтып өтті.

Жастайынан жоңғар шапқыншылығына қарсы күреске шығып, ерлігімен көзге түскен бабыр бабамыз мен оның ұрпақтары туралы, әсіресе, Табын Жиембеттің шежіресін толықтай Бөкенбай батырдың бүгінгі ұрпағы Нұрлан Ертайұлы баяндап берді. Шара оқушылардың сұрақ қойып, пікір алмасуына ұласты.

Экспедиция соңында жиналған көпшілікпен Табын Жиембет руының ұрпағы Қуаныш баба зиратының басына барып қайтты. Зират басында оқушылар 18 ғасырда жазылған төте жазуға қызығушылықтарын білдіріп, тарихқа деген ұмтылысы осы шара арқылы арта түскендей болды.

Г. Көбеш