26.07.2019, 11:19
Қараулар: 685
Елордада ұмытылмас саяхат

Елордада ұмытылмас саяхат

Жазғы демалыс уақытында жыл сайынғы дәстүр бойынша аудандық білім бөлімі 10 баладан құралған экскурсиялық топты Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласына аттандырды . Экскурсиялық саяхаттың мақсаты — балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастырумен қатар Елордамыздың тарихымен таныстырып,  мәдени демалып қайтуға мүмкіндік беру.
Балалар шілде айының  10 күні еліміздің бас қаласымен танысуға жол тартты. Бүлдіршіндерге жетекші болып аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Н.Нұрова тағайындалды. Үш күндік турдың бағдарламасына сәйкес  бүлдіршіндер Елордамызды аралап, ондағы аспанмен таласқан әсем ғимараттарға саяхат жасап, өзіндік тарихымен танысты.  Бүлдіршіндер бірінші күнгі  саяхаттарын «Әзірет Сұлтан» мешітінен бастады. Екінші күнгі саяхат «Бәйтерек» монументімен, өз жалғасын тапты. Балалардың қызықты саяхаты одан әрі мұражайларды тамашалаумен өтті. Олар «Ұлттық мұражай», «Аспан асты», «Қарулы күштер» мұражайы және «Нұрсұлтан» орталығы.  Үшінші күні  ЭКСПО қалашығына және «Айланд» аквапаркі мен «Думан» океанариумын, сонымен қатар «MEGA Silk Way» және «Ханшатыр» ойын-сауық орталықтарын аралады. Балалар экскурсиялық саяхаттан соң алған әсерлерімен бөлісті. Үш күндік турдан балалар көтеріңкі көңіл күймен оралды.

Назым Айқын