26.07.2019, 11:18
Қараулар: 483
Сарқырамадағы бас қосу

Сарқырамадағы бас қосу

Жуырда Шыңғырлау және Теректі ауданының жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының мамандары ауданымыздың жеті кереметінің бірі «Сарқырама» төрінде бас қосты. Басқосу барысында екі аудан жастары арасында алдағы уақытты нәтижелі жұмыс көрсетуге кепіл болсын деп аудан жастарының қарым қатынасын нығайту мақсатында меморандумға қол қойылды. Екі аудан жастарының жаңа, тың ойларымен бөлісуге жаңа алаң пайда болды. Жаңа ойларымен бөлісіп, жаңа бағыттарды насихаттау, волонтерлік қозғалысты дамыту жәйі кездесу барысында тілге тиек етілді.
Асу Айбатыр