18.07.2019, 16:49
Қараулар: 478
Ардагердің кезекті жеңісі

Ардагердің кезекті жеңісі

Жуырда еліміздің астанасы  Нұр-Сұлтан қаласында  13-14 шілде күндері  аралығында М-4 жас тобындағы ардагерлер арасында дзюдо күресінен  Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Ардагерлер арасындағы әлем және дүниежүзілік чемпионаттардың әлденеше дүркін чемпионы, ауданымыздағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің самбо күресінен аға жаттықтырушысы  Қайсар Құсайынов  осы чемпионатқа қатысып қайтты. Тәжірибелі балуаншы бұл спорт сайысында да облыс, аудан мәртебесін асырып, 73 келі салмақ дәрежесінде күресушілер арасында алдына жан салмай, І орынды жеңіп алды. Бабы мен бағы келіскен Қайсар Сайынұлының кезекті жеңісіне жерлестері шын жүректен қуанып, ардагер спортшының бұл табысы шәкірттеріне де жігер беріп, ұстаздарының жеңісті жолын жалғастырады деп сенеміз.

Гүлім Шынтас