18.07.2019, 16:48
Қараулар: 410
Сочиден жүлдемен

Сочиден жүлдемен

Жуырда Сочи қаласында қалалық мәдениет басқармасының қолдауымен өткен «Солнечный дождь — 2019» халықаралық балалар мен жасөспірімдер фестиваліне А.Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің оқушысы  Айдана Оспан қатысып «Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша І орынды қанжығасына байлап қайтты.

«Әлемнің түкпір-түкпірінен 12 мемлекеттен келген өнерпаздар қатысқан бұл байқау тартысқа толы болды. Айдана 13-14 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында оқ бойы озық атанып, І орынды иемденді. Байқаудың қазылар алқасы Айдананың ән салу мәнеріне, өзін-өзі ұстау әдебіне айрықша мән беріп, даусының ерекшелігіне деген таңқалыстарын жасырмай, жылы лебіздерін білдірді. «Бұл жеңіс тек біздің емес, бізді қолдап, үлкен сенім білдірген аудан әкімшілігінің, жерлестердің арқасы деп білеміз. Барша тілектестік танытқан ағайындарға алғыс айтамыз»,-дейді Айдананың жетекшісі Асылбек Байғалиұлы өз әсерімен бөлісіп.

Болашақта кәсіби әнші болуды армандайтын жерлес қызымызды үлкен жетістігімен біз де шын жүректен құттықтаймыз!

 

Самат БАЙБОЛАТ