18.07.2019, 16:47
Қараулар: 623
Оқуға сертификат алған жеңімпаз

Оқуға сертификат алған жеңімпаз

Жақында Л.Қылышев атындағы орта мектептің 9 сынып оқушысы Азамат Бақтыбаев  республикалық «Айқанат»  жүлдесінің иегері атанды.

Ауыл мектебінде  оқып жүрген оқушыларға арналған аталмыш байқау  жылдағыдай  бірнеше турдан  тұрып, еліміздің түкпір — түкпірінен келген оқушылардың  білімін  сынады.

Білім додасына түскен  жас өркендердің ішінде іріктей келгенде ең бір  «күштілері» алға шығып, соңғы  турдан біздің  Азамат озық келді. Нәтижесінде, ол  Нұр-сұлтан қаласында өткен  қорытынды шарада  қолына сертификат алып, қуанышқа  бөленді. Бұл сертификат бойынша   шыңғырлаулық жеңімпазымыз «Бурабай» курорты маңында  орналасқан  қазақ- ағылшын мектебінде білімін жалғастырмақ. Қазіргі таңда  туған мектебінің 9 сыныбында оқып жүрген Азамат Ерланұлы  өзінің  білімін шыңдап алға қойған мақсаттарына жететініне сенімі  мол.

— Физика пәніне басымдық бере отырып, үлгілі тәртібі, үздік оқуымен көзге түсіп жүрген Азамат Бақтыбаев біздің мектептің мақтанышы. Алған білімін осындай байқауларда көрсетіп, мектептің мерейін көтергені үшін Азаматқа дән ризамыз,-дейді  осы мектептің директоры Гүлнәр Бисенғалиева.

 А.Муса