18.07.2019, 16:46
Қараулар: 309
Заманауи би батлы

Заманауи би батлы

Аудандық мәдени-демалыс саябағында  «Жастар жылына» орай  аудандық мәдениет үйінің хореорафы Жанаргүл Баубекованың ұйымдастыруымен би үйірмесінің оқушыларының белсене қатысуымен «Қазіргі заманауи»  (Hip-hop,k-pop,kramp,black pink) би түрлерінен жарыс (батл) өткізілді. Оған Ақшат ауылдық округінен,Орал қаласынан арнайы келген бишілер мен ауданымыздың  жастары ұйымшылдықпен қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.

Биден өткен батлға қызығушылық танытып келгендер көп болды. Заманауи би түрлерін еркін меңгерген, қимыл-қозғалыстары да үйлесім тапқан жастардың еркіндігіне, хороеграфиялық талап үдесінен шығуына да тәнті болдық. Шара соңында барлық қатысушыларға аудандық мәдени-демалыс орталығы атынан арнайы диплом мен сыйлықтар табысталды. Бұл би кешіне аудандағы «Арай» жазғы демалыс лагерінің оқушылары да келіп қатысып, белсенділік танытқанын атай кеткен жөн. Аталмыш жастар басқосуының соңы  би кешіне жалғасты.

 Қ. Жұбаниязова,

аудандық мәдениет үйінің әдіскері