18.07.2019, 16:32
Қараулар: 1145
«Жасыл елдіктер» жарап тұр

«Жасыл елдіктер» жарап тұр

Жастарды қоршаған ортаны қорғау, елімізді өркендету, көркейту,  еңбекке тарту мақсатымен және республикалық «Жасыл Ел» бағдарламасын іске асыру жолында Шыңғырлау орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінде айтарлықтай жұмыстар жасалуда.

  Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап  жастарды орманды тазарту, елді мекендерді көгалдандыру іс-шараларына қатыстыру мақсатында  және облыстық «Жасыл Ел» штабының ұсынысына сәйкес келісім-шарт негізінде  11 маусым- 11 тамыз аралығында 40 cтудент жастар екі топқа бөлініп, табиғат аясындағы жұмыстарын бастап кетті. Ал, 11 шілде -11 тамыз арасында жұмыс істеген І топтағы 14 сарбаз өз жұмыстарын аяқтамақ. Бүгінгі таңда  олар мекеме  тұқымбағында арам шөптерді жұлу,орман алқаптарын тазарту, көшеде егілген ағаштарды суару, ағаш тұқымдарын жинау жұмыстарымен айналысуда. Яғни,  «Жасыл ел» бағдарламасы  негізінде  1 топтағы жасылелдіктер 10 га жерде орман өсімдіктері мен көшеттерін қолмен шөптеп, 8 га жерді қоқыстан тазартып, 3 кг ағаш тұқымдарын жинап және 1500 түп ағаш көшеттерін суарды.

  Ал,ІІ топта 26  сарбаз жұмыс істеуде. Олар да осы бағыттағы жұмыстарды қолға алып, тиянақтылық пен ұйымшылдық көрсетуде.

 Жастар тек орман шаруашылық жұмыстарының орындалуына үлес қосып қана қоймай, ай сайын 50 мың теңге көлемінде еңбекақы алады. Аталмыш бағдарлама мінеки, 13 жыл қатарынан жұмыс жасап студенттердің жазғы уақыттарын тиімді өткізуін ұйымдастырып келеді. Бұл студенттер үшін тәжірибе жинау ғана емес, соған қоса өздеріне табыс табуға да мүмкіндік тудыруда.

 

Н. Бушанская,

  Шыңғырлау орман және жануарлар дүниесін

қорғау жөніндегі ММ орман  патолог- инженері