27.06.2019, 16:54
Қараулар: 117
Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі

Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі

Жуырда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Шыңғырлау аудандық бөлімімен аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында мемлекеттік органдардың қатысуымен «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесі» өткізілді. Жәрмеңке барысында аудан әкімі аппаратының басшысы Т.Сағынгереев, аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Э.Ығылманова азаматтарды қабылдап, ұсыныс-пікірлерін тындап,  сұрақтарға жауап берді. Аудан тұрғындарына консультативтік-әдістемелік көмек түрлері, «электрондық үкімет» веб-порталында электрондық қызметтер, ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңба) алу мүмкіндігі туралы презентациялар, оқытулар жүргізілді.

«Мен «электрондық үкімет» веб-порталын таңдаймын» тақырыбына эссе жазудан сайыс өтіп, электронды аңықтамалар алуды жақсы меңгерген тұрғындарға сыйлықтар табысталды.

Бұл өткізілген шараның  мақсаты — аудан тұрғындарын аумақтық және жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ашық болуы, әкімшілік кедергілерді азайту, сапалы қызмет көрсету, электронды түрде көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін  қамтамасыз ету және сала мамандарымен заңгерлік кеңес беру болып табылды.

Жәрмеңкеге 70-тен аса тұрғын қатысып, құжаттар қабылданып, тұрғындарға электрондық қызметтер берілді.

Г. Шынтас