20.06.2019, 10:27
Қараулар: 417
Шыңғырлау ауданына облыс әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев жұмыс сапарымен келіп кетті

Шыңғырлау ауданына облыс әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев жұмыс сапарымен келіп кетті

Ол Ащысай ауылында «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша жүргізіліп жатырған су құбырының құрылысымен, аудан орталығындағы көшелермен және Шыңғырлау-Ақшат-Сегізсай бағытындағы облыстық маңызы бар тас жолдарға жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.

Облыс әкімінің орынбасары халық игілігіне пайдалануға берілетін жұмыстарды жүргізіп жатқан жауапты мердігерлермен жеке сөйлесіп, жұмыстармен танысып өтті. Одан әрі Жаңакүш ауылындағы Ашықтоғай ұңғыма жұмысының жағдайына қанықты. Алмаз ауылына бет бұрған облыс әкімінің орынбасары жол бойында жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарына куә болып, кейін Алмаз ауылына «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша жүргізіліп жатқан ауыз су құбыры құрылысымен танысты№

Аман Ізмұхан

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар