17.06.2019, 15:25
Қараулар: 1431
Демалыс қызығы басталды

Демалыс қызығы басталды

Жазғы демалыс күндері біздің мектепте ұйымдастырылған «Балауса» жазғы демалыс лагері үш ауысым бойынша жұмыс жасайды.

Бүгінде жазғы демалыс орнында  1-кезеңде 31 бала уақыттарын көңілді өткізуде. Лагерьде демалумен қатар балалардың сапалы тамақтануы да қарастырылған. Арнайы бекітілген ас мәзірі балалардың көңілінен шығуда. Әрине, көңілді іс-шарасыз ешбір дамалыс қызық өтпесі анық. Лагерь демалушыларына әртүрлі ойындар ойнатылып, тоғызқұмалақ, шашка, шахмат, эстафета жарыстары өткізіліп, «Жарысқа шық, балдырған», «Біз талантты баламыз», «Лагерь көшбасшысы» сынды сайыстар қызықты өтуде.   Лагерімізде мемлекеттік рәміздер күнінде атап өттік.  «Рәміздерді құрметте» атты шарада балалардың патриоттық сезімдерін оятып, отансүйгіштікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында танымдық мақсатты көздедік.

Осылайша «Балауса» лагерінің алғашқы кезеңі де өте шықты. Ендігі келетін балақайлар да көңілді демалады деп сенеміз.

 

Алтынай Әмірғалиева