17.06.2019, 15:23
Қараулар: 1008
Бүлдіршіндер ертеңгілігі

Бүлдіршіндер ертеңгілігі

Амангелді негізгі орта білім беретін мектебінде көңілді жазғы демалыс күндерінің басталуына орай «Бақытты балалар – болашақ еліміздің тірегі»  атты мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Шарамыз бүлдіршіндеріміздің шеруінен басталып,  караоке, бибатл секілді ойындармен жалғасын тапты. Шағын орталық тәрбиеленушілері ән айтып, би билеп өз өнерлерін көрсетті. Көңілді шарамыздың соңында қатысушыларға демеушілеріміздің атынан сыйлықтар үлестірілді.

Шағын ған ауылымызда мектепте өтетін әр шарадан қалыс қалмай, қолға алынып жатқан қай шараны да қолдайтын Қияқбаева Қымбат, Омарғалиева Гүлсара, Ғұмарова Бақыт, Сандыбекова Гүлсара, Нұртазиева Салтанат, Тапалова Бибігүл, Кенжеғалиева Динара секілді демеушілеріміз бұл жолы да өздерінің көмектерін берді. Шараның өз дәрежесінде өтіп, бүлдіршіндерді риясыз қуантқан оларға мектеп ұжымы мен ата-аналар ерекше риза.

Айкөркем Ибрагимова