6.06.2019, 10:03
Қараулар: 455
Субсидияға сенгендер қапы қалмайды

Субсидияға сенгендер қапы қалмайды

Ауыл шаруашылық құрылымдары үшін Үкімет тарапынан жан-жақты қолдау-көмек  көрсетілуде.Оған негіз — ауданымызда ірі қара малды көбейткенге, қойды, ет өндіргенге, ауыл шаруашылық техникаларын, құрал-жабыдықтарын несиеге алғанда берілетін субсидияның көбейгендігі. Мысалыға айтсақ, жақында ғана Ақшат ауылдық округіндегі «Дән» шаруа қожалығы  (жетекшісі  Қанат Қосмағанбетов) осындай  субсидияға қолы жетті. Нақтылай айтсақ, несие қаражат алып, оған жайылым ортасынан  құдық қаздырған болатын.Бұл әсіресе, малдың жайлымы сулы жерден алыс болғанда көмегі зор. Әрі жайлымды суландыруға да мүмкіндік бермек. Сонымен бірге шопанға арналған,тұрмысқа қажетті заттармен жабдықталған тұрғын-жай (вагончик ) және  күннен электр жарығын өндіретін панель алынған болатын. Міне, осындай шаруаға жұмсалынған 6 млн. қаражатының 80 пайызы мемлекет тарапынан «Дән» шаруа қожалығы субсидияландырылуда.

Айсұлу Арыстанова

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар