11.04.2019, 9:40
Қараулар: 6
Талантымен тәнті етті

Талантымен тәнті етті

Жуырда облысымыздың Ақжайық ауданында «Бақытты елдің ұрпағы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Дала сазы»республикалық  байқауы өтті. Өнер шарасына аудандық саз мектебінің оқушылары да қатысып, бақтарын сынады. Әуелете ән шырқап, түрлі аспаптарда ойнап өздерінің қабілеттерін байқатқан жас өнерпаздар арасынан аудандықсаз мектебі вокал класының оқушысы Ернар Қасым «вокал» аталымында (жетекшісі Тынышбай Әмірғалиев) бас жүлдені жеңіп алды. Ернар осы байқауда Алматы қаласында мамыр айында өтетін халықаралық байқауға жолдама алды. Бұған қоса Ернарымыз шет мемлекеттерде өтетін халықаралық байқауға да шақырту алды!

Осы өнер додасында «Аспапта ойнау» аталымы бойынша қобыз класының оқушысы Миранда Жасталапова (жетекшісі Эльнара Биғалиева) жақсы өнер көрсеткені үшін жүлделі ІІІ орынға лайық деп танылды.

Ұстаздарының еңбектерін ақтап, өнерлерімен өзгелерді мойындатқан жас таланттар аудан мерейін асыра бермегіне сенеміз.

Гүлім Шынтас

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар