11.04.2019, 9:34
Қараулар: 127
Өнерпаздар жеңісі

Өнерпаздар жеңісі

Орал қаласында «Өнер әлемі» продюсерлік орталығы мен «Жеті өнер» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен ІІ республикалық «Golden Stars» таланттар фестивалі өтті. Байқауға мектебіміздің оқушылары қатысып, өнерлерін ортаға салды. Нәтижесінде қобыз класының оқушысы Миранда Жасталапова ( жетекшісі Эльнара Биғалиева) І дәрежелі лауреат, домбыра класының оқушысы Жанар Туғарисова ( жетекшісі Үміт Темирова ) ІІ дәрежелі лауреат және вокал класының оқушысы Әмина Арыстанқызы ( жетекшісі Асқар Темурұлы ) І дәрежелі лауреат атанды. Жеңімпаз өнерпаздарымыз мен жетекшілері алғыс хаттар мен дипломдармен марапатталды. Облыстық байқаудан жүлдемен оралған оқушыларымызға тек ізденіс, шығармашылық табыс тілейміз.

Гүлжамал Жұмағазиева,

Шыңғырлау аудандық саз мектебінің директоры

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар