11.04.2019, 9:33
Қараулар: 389
Маңызы жоғары шара

Маңызы жоғары шара

Аудан орталығындағы А. Құнанбаев-Л. Қылышев көшелерінің қиылысында аудандық полиция бөлімі «Жолда қабылдау» республикалық акциясын өткізді.  Акция кезінде 12 азамат автокөлікті тіркеу қызметі жөнінде, 15 азамат жүргізуші куәліктерінің берілу тәртібі туралы сауалдарына жауап алса, 2 тұрғынға жолаушылар тасымалының заңдылығы, ал 2 Ресей азаматына көші-қон заңнамасының тәртібі жөнінде түсінік берілді. Ішкі істер органдарына тіркелмеген қару акциясы бойынша және азаматтық қаруды  рәсімдеу заңдылығы туралы 5 адам сұрақтарымен жүгініп, әкімшілік құқық бұзушылық үшін айыппұл төлеудің ыңғайлы жолдары бойынша 14 тұрғын қажет мағлұматқа қанықты.

Заңдылықты сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатындағы кездесуді тоқсан сайын өткізілмек.

 Мәдениет Уксукбаев,

 Шыңғырлау аудандық полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы, полиция майоры

Человек и Закон

Басқа да мақалалар