1.04.2019, 11:08
Қараулар: 614
 «Ашық әкімдік » күні оздырылды

 «Ашық әкімдік » күні оздырылды

Аудан орталығында «Ашық  әкімдік» күні ұйымдастырылды.  Бұл шараның мақсаты —  көп балалы отбасылар және әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындарға, жұмыссыз жандарға   құқықтық көмек ету, сонымен қатар,  әлеуметтік қорғау  аясындағы  соңғы өзгерістерге сай, жаңа форматтағы әлеуметтік көмек туралы  түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Жеке санаттағы жанұялардың  мұң -мұқтажын тыңдап,  мәселелерін шешуге ықпал ету болды.

« Ашық әкімдік »шарасына   келгендер  аудан әкімі Альберт Есалиевпен, аудан әкімінің орынбасары  Ержан Тұрмағамбетовпен  жеке кездесуге мүмкінд ік алды. Өздерінің өтініштерін жеткізіп, сұрақтарын берді.  4 сағаттық  шарада аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы  Айбек Сұлтановтың, аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы  Боранбай Нұржановтың  қабылдауында болған  бірнеше тұрғын, көп балалы аналар өздеріне қажетті мол мағлұматтарға қанықты.  — Бұл күні  көптеген басшы және мамандармен  көзбе — көз сөйлесіп,  құқықтық көмек алғанымызға біз де ризамыз. Осындай шаралар жиі өткізілсе  дұрыс болар еді, -дейді  көп балалы ана  Назгүл Абдрахманова.

А. Муса.