1.04.2019, 10:59
Қараулар: 2
Қыстақ ойдағыдай өтті

Қыстақ ойдағыдай өтті

Шыңғырлау ауданында 8 округ бойынша 42 мал қыстағы тіркелген.
2018 — 2019 жылы осы қыстақтарда ірі қара малы — 30 514 бас, қой мен ешкі — 33 780 бас, жылқы — 5 783 бас, түйе — 50 бас қыстатылды. Мал қыстағына қажетті мал азығының қоры, отын-сулары, жану-жағар майы да жеткілікті мөлшерде. Барлық мал басына нақты дайындалған азықтық шөп 65 100 тонна болса, науқан кезінде оның 54 100 тоннасы жұмсалынды. Бүгінгі күнге мал азығы қорының 11 000 тоннасы қолда бар, демек шаруалар малы қыстан қысылмай шықты деген сөз. Ауданның барлық ауылдық округтерімен мал қыстақтарына жол қатынасы қалыпты. Шаруа жандар енді мал төлдету науқанына дайындық жасауда.
Айсулу Муса