1.04.2019, 10:17
Қараулар: 414
«100 ән» жобасы аясындағы  байқау

«100 ән» жобасы аясындағы  байқау

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы  – ұлттық идеологиялық бағытымыздың кепілі. Рухани жаңғыру – адам баласының, оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі.
Рухани Жаңғыру бағдарламалары, жобалары бойынша көптеген іс-шаралар атқарылып жатыр. Осы мақсатта  Белогор негізгі   орта  білім беру  мектебінде  тәрбие ісінің меңге Мадина Нияздың  ұйымдастырумен  «Білім және тәрбие»  кіші бағдарламасы шеңберінде «Рухани қазына» арнайы жобасымен «100 ән»тақырыбында іс-шара өтті.
Байқаудың мақсаты — өскелең ұрпаққа халқымыздың рухани мұрасы, қазынасы —  халық әндерін насихаттау, жаңғырту. Бірінші кезеңде  әнді зерттеу буклеттер жасау, презентация арқылы таныстыру,  вокалды (жанды дауыспен) орындау талап етілді. Шараға қатысқан оқушыларымыз  буклеттер мен презентациялар арқылы таңдаған әндерін  таныстырып,  әндерін жанды дауыспен орындады. Өнерпаздар халық әндерін нақышына келтіре орындап,  көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

   Сахна шымылдығын 3-сынып оқушылары  Н. Тілендиевтің «Саржайлау» әнімен ашты. Ал 6-сынып оқушыларының әншілері  Е. Хасанғалиевтың «Атамекен» әнімен отанына, туған жерге деген сезімдерін  жеткізе білді.

8-сынып оқушылары «Жаса Қазақстан» әнін хормен орындап, ұйымшылдығымен  көзге түсті. Өте орынды таңдалған ән құлаққа жағымды естілді. «100 ән» жобасы  оқушылар үшін ерекше шара болды. Әндердің шығу тарихы, композиторлар мен ақындарды танып білді.

Іс-шараны қорытындылай келе, әр сынып қоржындарына  ұпайлар жинап  келесі «100 ән» жобасының  кезіңіне  жолдамаларын алды. Концертті 4- сынып оқушылары  «Егемен ел- Қазақстан» әнінмен қорытындылады.

 

Д. Бексейітова,

 Белогор негізгі орта білім беру

                                                                                 мектебінің  бастауыш сынып мұғалімі