1.04.2019, 10:15
Қараулар: 292
  Жастар жылындағы жағымды жаңалық        

  Жастар жылындағы жағымды жаңалық        

«Еліміздің болашағы білімді жастардың қолында»               Н.Ә.Назарбаев

 Н.Ә.Назарбаев биылғы жылды жастар жылы деп жариялағаны бәрімізге аян. Дамыған 30 елдің қатарына ену үшін жасалған бұл қадамды өз басым қолдаймын. Биыл жастарға ерекше көңіл бөлінбекші,оның ішінде: ЖОО грант саны, жатақхана және еріктілерге берілетін жәрдемақы мөлшері ұлғайтылмақ.

Мен үшін ең бастысы ол – жас ғалымдардың, өнертапқыштардың фундаменталды және қолданбалы зерттеулерін гранттық қаржыландыруды 3 миллиард теңгеге ұлғайтылуы. Біздер, яғни жас өнертапқыштар үшін бұл үлкен қолдау және артылған сенім деп білемін. Бүгінгі күні елімізде «Робототехника» үйірмелеріне жақсы көңіл бөлінуде. Бірақ,бұл өнертапқыштыққа жетелеп, баланың ойлап табу қасиетін арттырмайды деген пікірдемін. Себебі, жасөспірім бала былайша айтар болсақ құрама ойыншықпен (конструктор) ойнағанмен тең,тіпті бұл «Lego» құрамасын кішкене сәбилер де құрастыра алады. Өйткені барлық детальдар мен қозғалтқыштар дайын,тек құрастыру ғана қалды. Әрине, мен бұл үйірмені жоққа шығарып отырған жоқпын, жай ғана өзімнің жеке пікірімді білдіру ғана.

Ал, өнертапқыштық яғни, өз қиялыңмен және бастысы өз қолыңмен жасаған нәрсе түсінікті, әрі баланың ойлау қабілетін арттырады.Физикалық заңдылықтарды (мысалы:тепе теңдікті, ауырлықты) ескере жасаған нәрсе ол бір ғанибет. Шағын қозғалтқыштарды, датчик, шамдарды жалғап үйренеді.

Бүгінде жас өнертапқыштардың сол идеяларын іске асыру мақсатында қолға адынып отырған бұл қолдау, жаңалық. Мемлекеттің қаржыландыруымен қаншама жақсы жобалар дүниеге келмек. Көптеген елдер осы жастардың жобаларын қолдап үлкен табыстарға жетуде. Біздің елімізде сол толағай табыстарға жетеді деп ойлаймын. Ендеше, жастар жылында ауданымыздың жас өнертапқыштарына шабыт тілеймін!

Мұхаммед – Әли Қуанышкерей,

Л. Қылышев атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы