1.04.2019, 10:13
Қараулар: 271
Ел ырысын еселеген

Ел ырысын еселеген

Елімізде жүзеге асырылып жатқан нарықтық реформа бағдарламасы шаруа қожалығының қалыптасып дамуына үлкен көңіл бөлініп жатыр. Бұл ауыл шаруашылығы құрылымдарының түбегейлі өзгеруіне септігін тигізгені айқын.

Бүгінгі заман талабына сай ыңғайланып құрылған Ақшат ауылындағы «Байқатов» жеке шаруа қожалығы жан-жақты жұмыстанып келеді. Шаруа қожалығының басшысы  Жауынбай Байқатов.

Егін және мал шаруашылығымен айналысатын шағын қожалығында 8 адам жұмыспен қамтылған. Қожалық ет өнімдерін өндіріп, жыл сайын егін салумен де айналысады. Қарамағында 940 шабындық, 100 га жайылым, 360 га жерді қара бидай егуге пайдаланып отыр. Қожалықта барлық техника түрлері: жеңіл, жүк машиналар, комбайндар, шөп шапқыштар, культиваторлар, жер жыртқыштар, трактор және тағы басқа техникалық құралдары жеткілікті.

Күтімге алынған мал басы да табыс көзінің молаюына әкелуде. Түйе малын өсірумен айналысып қана қоймай, сауылған шұбатты емдік сусын ретінде де қолданып келеді.  Қожалық асыл тұқымды 50 бас сиыр, 50 бас ұрғашы баспақ сатып алған болатын. Былтыр 50 сиырдан 49 төл алынды, оның 22 ұрғашы. Асыл тұқымнан алынған 20 бұзауы — ұрғашы, 25 бұзауы — еркек. Малдың негізгі бөлігі Шошқалы елді мекенінде орналастырылған.

«Жақсының жақсылығын айт, мерейі тасысын» деп ата – бабаларымыз тегіннен тегін айтпаса керек. Жауынбай Есенұлы – қайырымды жан ғана емес, негізгі мамандығы бойынша денсаулық саласының үздігі. Ол инемен емдеу терапеясы және массаж жасау арқылы көптеген науқас адамдардың ауруына дұрыс ем беріп келеді. Ауылымызда аз қамтылған отбасыларына көмек көрсетіп, қамқорлық акцияларына белсене араласып жүр.             Ерен еңбегінің арқасында ауданымыздың «Құрметті азаматы» атанып,  еңбек еткен жылдарында «Шапағат» ордені, «За доблестный труд», «Отличник здравохранения» алқаларының иегері атанды.

Жауынбай Есенұлы сынды болашақты бағамсдай білетін, ұлтжанды да қайырымды азаматтар арамызда көп болса, экономикасы дамыған, әл-ауқаты артқан елдеің қатарында боларымыз сөзсіз.

 

А. Серікбаева,

Ақшат ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы