1.04.2019, 10:09
Қараулар: 136
Қайындыда су тасқынынан қауіп жоқ

Қайындыда су тасқынынан қауіп жоқ

Жуырда төтенше жағдайлар бөлімімен ауданның оңтүстігінде,74 шықырым қашықтықта орналасқан Қайынды ауылы маңайындағы Утва өзеніне зерттеу жүргізілді. Аталған ауылды 2011 жылдың көктемінде Утва өзені көтерілуіне байланысты су басқан болатын. Зерттеу жүргізу кезінде Қайынды ауылының байырғы тұрғындарымен әңгіме жүргізілді. Ағымдағы жылдың көктемі кезінде жер тоңының болмауына байланысты еріген қар суы жерге сіңуде.  Ауыл тұрғындарының пайымдауларынша биылғы көктемде Қайынды ауылына  су тасқынынан қауіп жоқ .

Д. Есенов,

Шыңғырлау ауданының ТЖБ бастығының м.а, азаматтық қорғау майоры