27.03.2019, 11:52
Қараулар: 444
Сот жүйесіндегі  жаңашылдықтар

Сот жүйесіндегі  жаңашылдықтар

 

 

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі:табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты  Жолдауында  және «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласында  «сот жүйесін оңтайландыру», «сот жүйесінің халыққа қол жетімді болу қажеттілігі»-секілді айқын міндеттерді орындау мақсатында цифрлық сот жүйесін жетілдіру жұмысы жалғасуда.

Бугінгі таңда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының интернет ресурсы — еліміздегі сот жүйесінің сан қырлылығын танытатын және республикамыздағы барлық соттар қызметінің  жұмысын көрсететін мықты ақпараттық сервис.

Ақпараттық технологиялар біздің өміріміздің  басым бөлігіне айналуда.Олардың сот өндірісіне енгізілуі және сот жүйесінде қолданылуы сот өндірісінің жұмысын жеңілдетеді,бюрократиялық кедергілерді жояды,қызметкерлердің азаматтармен байланысуын азайтады,бұл сыбайластықтың алдын алу болып та табылады.

Қазақстан Республикасының «Цифрлі Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Жоғарғы сот  өз жүйесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануда түбегейлі өзгерістер қабылдады. Халыққа ыңғайлы болу үшін соттарда ақпараттық жүйе кеңінен қолданылуда:«Төрелік» ақпараттық жүйесі, «Сот кабинеті» электрондық сервисі, «Мобилді сот кабинеті» қосымшасы,аудио және бейнетіркеу жүйелері, бейнеконференцбайланыс.Сонымен қатар,ағымдағы жылы  Шыңғырлау аудандық сотында жаңа жобалар бастау алды-ол «Smartсот»және «Түнгі сот».

Күні кеше,ағымдағы жылдың 14 наурызы күні,дөңгелек үстел қатысушылары-Шыңғырлау аудандық сотының  төрағасы Миржан Қадырбаев,Шыңғырлау аудандық прокуратурасының прокуроры  Азамат Абдулдаев,Шыңғырлау аудандық полиция бөлімінің басшысы  Сергей Астафьев,Шыңғырлау аудандық орталықтандырылған ауруханасының директоры Қылыш Жазықбаев,адвокат Ақылбек Досиев және медиатор Сағынғали Имашев өзара ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды.Яғни,аталған мекемелер азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау мақсатында,олардың жазбаша келісімімен,халық үшін қолжетімді болу мақсатында,18.00- 22.00 аралығында «Түнгі сот» қызметі жүргізіледі.

Жалпы сот жүйесінің бұлай өзгеруі- оның қолжетімді,айқын болуына  сот өндірісін  қарапайым қылуға бағытталған.

 

Айгүл  Джоламанова,

                                       Шыңғырлау аудандық соты кеңсесінің бас маманы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар